Өзектi

Ақмолалық оқушылар Мәскеуде өткен ІХ халықаралық «Математика және жобалау» ғылыми байқауынан жүлделі оралды

14.05.2015

4748

Ақмолалық оқушылар Мәскеуде өткен ІХ халықаралық «Математика және жобалау» ғылыми байқауынан жүлделі оралды.
Ағымдағы жылдың 1-5 мамыр аралығында ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы математикаға деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, дарынды балалардың шығармашылық деңгейін көтеру үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған байқауға ақмолалық оқушылар да қатысты.

Мәлік Ғабдуллин атындағы Көкшетау қалалық № 3 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Алмас Ахмет, Щучье мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Маргарита Козик, дарынды балаларға арналған Көкшетау қалалық №3 мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Нарғыз Құрмашева, қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Асхат Шубай, Астрахан ауданындағы Қызылжар орта мектебінің 9 сынып оқушысы Виолетта Швецова және Целиноград ауданы Қараөткел ауылының №6 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бахтияр Рахметов Ақмола облысының намысын қорғады.

Тартысты өткен байқаудың қорытындысына сай екі оқушы - Маргарита Козик мен Бахтияр Рахметов І орынды жеңіп алды.


Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар