Өзектi

Әлемнің ең үздік мектептері қай елде?

14.05.2015

5049

Сингапур мектептері мен осы елдің мектепте білім беру жүйесі әлемдегі ең тиімдісі болып танылды. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы жасаған арнайы зерттеуінің қорытындыларын сәрсенбі күні Straits Times газеті жариялады.
Екінші орында - Гонконг, үшінші - Оңтүстік Корея, содан кейін Жапония мен Тайвань елдері тұр. Өткізілген тестілеу Азиядағы елдердің мектеп оқушылары ең үздік нәтижелерді көрсетіп отырғанын танытты.

Еуропа мемлекеттерінің ішінде ең жоғары позицияны Финляндия - 6 орын алса, Ресей елі 34-ші орынға тұрақтады.

Математика және жаратылыстану бойынша тесттер 76 мемлекетте өткізілген.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар