Өзектi

Биыл Астана мектептерінің 3,5 мыңнан астам түлегі ҰБТ тапсырады

14.05.2015

4982

2015 жылы Астана қаласының 3554 түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Жалпы, 4407 елордалық оқушы мектепті тәмамдайды, деп хабарлайды astana.kz.
Астана қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, ҰБТ-ға қатысатын мектеп бітірушілердің ішінде 180 түлек «Алтын белгі» медаліне, 79-ы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер.

Айта кетейік, елордалық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде, Қазақ заң-гуманитарлық университетінде тапсырады. 5 пән бойынша өтетін тестілеу 3,5 сағатқа жалғасады.

Барлық мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамырда, ал түлектер кеші 20 маусымда өтеді.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар