Өзектi

Павлодарлық оқушы Ереванда химия бойынша олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

13.05.2015

5190

Халықаралық химия бойынша олимпиадада павлодарлық Әділ Қабылда күміс медаль иеленді, деп хабарлады білім беру басқармасынан.
ҚР құрамасының қанжығасында барлығы 5 медаль бар: бір күміс, төрт қола медаль. Химия пәні бойынша оқушылар арасында өткен Халықаралық Менделеев олимпиадасы 9 мамырда Ереван (Армения) қаласында аяқталды. Жас химиктер жарысына әлемнің 15 елінен 95 оқушы қатысты.

Олимпиада үш турмен өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар талдау, физикалық, био және ғарыш химиясы саласындағы білім деңгейлерін көрсетуі қажет. Содан кейін зертханада жұмыс істеу дағдыларымен таныстырады. Эксперименталдық турды жеке әр команда әзірледі.

Қазақстан құрамасында 12 үздік химик болды. Оның екеуі - павлодарлық дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ-түрік лицейінің оқушылары Әділ Қабылда мен Нұрсәлім Ахметжанов. Күміс жүлдегерді олимпиадаға химия мұғалімі Алмас Ордабаев дайындады. Жас педагогтың есебінде зияткерлік жарыстардан 20 жүлдесі бар.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар