Өзектi

Шоқанның ғылыми мұраларына арналған семинар өтті

12.05.2015

5084

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы» атты ғылыми-практикалық семинар болып өтті. «Шығыстың шоқ жұлдызы» атанған атақты ғалымның 180 жылдығы қарсаңындағы іс-шараны институттың «Философия және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы ұйымдастырды.

«Шоқан тек бір мамандықты ғана жақсы білетін ғалым емес, ол әр жақты ғалым», - деп профессор, зерттеуші ғалым Қажым Жұмалиевтің айтқан пікіріне қосыла отырып, Шоқанның ғылымның қай саласында да өзіндік орны бар қазақтың тұңғыш ғалымы екені белгілі. «Халықтың дұрыс өсіп, дамуы үшін ең әуелі бостандық пен білім керек» деп халықтың жарқын болашағы үшін жас ғұмырын сарп еткен қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқанның арманы бүгінгі кезде орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым жолында құлашын кеңге жайып келеді. Семинар барысында, ұлы ғалымның қазақ халқы үшін жасаған қызметіне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеуге назар аударыла отырып, Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасына кең сарында талдау жүргізілді. Сонымен қатар, студенттердің ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыруда ғылыми-практикалық семинардың маңызы зор екенін атап өтуге болады. «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Шаханова Эльмира, «Дүниежүзие тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Мәдібаева Дана, «Философия және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Яхияев Инагам ғылыми-практикалық семинарға әділқазылық жасады. Семинарға қатысқан барлық студенттер дипломмен, ал үздік баяндама иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.еңімпаздар Алғыс хаттармен марапатталды.

Дереккөзі: tarmpi.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар