Өзектi

Қазақстанда оқу жетістігін бағалайтын TIMSS-2015, PISA-2015 және PIRLS-2016 зерттеулері аяқталды

05.05.2015

5424

Қазақстанда білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын үш халықаралық TIMSS-2015, PISA-2015 және PIRLS-2016 (апробация) зерттеулері аяқталды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен хабарланды.
Атап айтқанда, PISA-2015 (математика, жаратылыстану және оқу сауатылығын бағалау) зерттеуіне елдің барлық өңірінен 232 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 7 873 білім алушылар қатысты. Ал TIMSS-2015 (математика және жаратылыстану білімдерін бағалау) жобасына Қазақстанның 179 білім беру ұйымдарынан 9 621 оқушы, оның ішінде 4 763 төртінші сынып оқушылары және 4 858 сегізінші сынып оқушылары сынақтан өтті.

Бұдан бөлек, оқу және мәтінді түсіну сапасын бағалайтын апробациялық PIRLS-2016 халықаралық зерттеуіне Қазақстанның 14 өңірінің (Астана қаласын және Қарағанды облысын қоспағанда) 34 білім беру ұйымынан 1 390 төртінші сынып оқушылары қатысты.

«TIMSS-2015 және PISA-2015 халықаралық зерттеулер нәтижелері 2016 жылдың желтоқсан айында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен IEA тарапынан жарияланады», - делінген министрлік мәліметінде.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар