«Болашақ» түлектері Елбасы ұсынған бес институционалдық реформаның өзектілігіне баса назар аударады
Р Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендианттарының қауымдастығы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты салатанатты ұлықтау рәсімімен құттықтады.
«Аса Қадірлі Елбасы!
Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендианттарының қауымдастығы атынан салтанатты ұлықтау рәсіміңізбен құттықтаймыз!
«Болашақ» бағдарламасының түлектері Сіз ұсынған бес институционалдық реформаның маңыздылығы мен өзектілігіне баса назар аударады.
Бұл халықтық реформалар - біртұтас ұлт қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар. Оны еліміздің жалынды жастары ерекше шабытпен қабылдады. Себебі қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайтудың айқын бағыттары, бірінші кезекте, жастар үшін қолайлы жағдай жасайды.
Сіз ұсынған реформалар экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды қамтамасыз етуге, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қазақстандықтарды барынша біріктіре түсуге үндейді.
Бұл күнде Сіздің арқаңызда әрқайсымыз өз әлеуетімізді, біліміміз бен батыл идеяларымызды туған еліміздің игілігі үшін толықтай іске асыра алатындығымызға сенімдіміз», делінген құттықтауда.
Дереккөзі: kazinform.kz