Өзектi

Биыл 600-ге дейін қазақстандық «Болашақ» стипендиаттары болуы мүмкін

22.04.2015

4862

Ағымдағы жылы 600-ге дейін қазақстандық «Болашақ» стипендиаттары болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.
«Биыл Республикалық комиссияның шешімімен 600-ге дейін стипендия бөлінді. Экономикалық жағдайға байланысты стипендия көлемі өзгеріп тұруы мүмкін. Алайда, биылға шекті көлем - 600 стипендия»,-деп тоқталды ол.

Нығыметовтің сөзіне қарағанда, өткен жылдардағы статистика бойынша «Болашақ» бағдарламасына орташа алғанда жыл сайын 2 мыңнан сәл астам адам құжат тапсырып, конкурстық бес кезеңнен өтеді.

«Әр жылда бәсекелестік әрқилы болды. Биыл бір орынға бәсекелестік жоғары болатыны анық»,-деп атап өтті ол.

Қазіргі кезде «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің жалпы саны 11 мыңнан асты. 8 мың стипендиат шетелде оқуларын бітіріп, Қазақстан экономикасының барлық салаларында жұмыс істеуде. «Солардың 48 пайызы мемлекеттік мекемелер мен компанияларда қызмет етуде. Екі жарым пайызы ұлттық компанияларда жұмыс істеуде. 225 түлегіміз ұлттық компанияларда топ-менеджер қызметінде»,-деді ол.

Ғ. Нығыметовтің сөзіне қарағанда, 11 пайызы халықаралық компаниялар мен ұйымдарда жұмыс істеп жатыр.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар