Өзектi

Елордада «Білімді жастар - мәңгілік елдің болашағы!» атты форум өтеді

20.04.2015

5051

20 сәуірінде Назарбаев Университетінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Дарын» және «Жас тұлпар» Мемлекеттік сыйлық иегерлерінің қатысуымен «Білімді жастар-мәңгілік елдің болашағы!» атты форум өтеді.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің, «НУХ «Бәйтерек» АҚ төрағасы, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишібаевтің қатысуы жоспарланған.

Кездесу қорытындысында «Болашақ» Қауымдасытығымен алдыңғы қатарлы білім беру мен бизнес бағыттар арасында меморандумға қол қойылады.

Сондай-ақ, форумда Қазақстанның белгілі бизнесмендері, және де «Болашақ» бағдарламасының түлектері - Райымбек Баталов, Серікбай Бисекеев, Қайрат Мәжібаев, Санжар Алтаев, Алмас Құдайберген, Арман Сүлейменов және т.б қатысады.

Пікірталас аясында алдағы үш жылға арналған Қауымдастықтың әлеуметтік маңызды жобалары мен оның әзірленуі мен іске асырылу жолдары талқыланатын болады. Онда бірлестік кеңесінің мүшелері- бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдары қатысатын болады.

Дереккөзі: kazinform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар