Қазақстанда бос жұмыс орындарының басым бөлігі «біліктілік деңгейі жоғары мамандар» санатында болып отыр
Қызметтердің кәсіптік топтары, экономикалық қызмет түрлері және өңірлер бөлінісінде бос жұмыс орындары мен кадрларға қажеттілікті анықтау үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» статистикалық нысаны бойынша статистикалық байқау жүргізген. Байқаудың нәтижелері бойынша 2015 жылғы 1 қаңтарға зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің тізімдік саны 2 925,3 мың адамды, бос жұмыс орындар саны 22 341 бірлікті құрады. Қызметкерлердің тізімдік санындағы бос жұмыс орындардың үлесі 0,8% құрады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Мәліметтерге қарағанда, бос орындардың басым көпшілігі «біліктілік деңгейі жоғары мамандар» қызметтің кәсіпкерлік тобы бойынша белгіленді және ол 5 207 бірлікті, бос жұмыс орындарының жалпы санынан олардың үлесіне 23,3% құрады. Ал «Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлері» кәсіптік топ бойынша бос орындар саны 4 022 бірлікті, «біліктілік деңгейі орта мамандар» - 3 083 бірлікті, «біліктілігі жоқ жұмысшылар» - 2 718 бірлікті құраған.
«Ағымдағы жыл бойы едәуір көп сұраныс ірі және шағын өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлеріне болады. Ал олардың тапшылығы 5 910 адамды, біліктілігі жоқ жұмысшылар - 4 488 адамды және біліктілік деңгейі жоғары мамандар 4 467 адамды құрайды.
Ауыл, орман, аңшылық, балық шаруашылығының, балық аулау кәсібінің білікті қызметкерлеріне сұранысы аз болып табылады - 82 адам.
Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлеріне басым қажеттілікке өнеркәсіптің (3 183 адам) және құрылыстың (2 070 адам) кәсіпорындары мен ұйымдары тапшылық көруде», делінген баспасөз баянында.
Дереккөзі: kazinform.kz