Өзектi

Астанада WorldSkills Kazakhstan ұлттық турнирі басталды

16.04.2015

5080

Астанада WorldSkills Kazakhstan ұлттық турнирі басталды. ҚР техникалық және кәсіби білім беру колледждерінің студенттері ұлттық чемпионат біріншілігіне қатысу жолдамасын сарапқа салды. Чемпионат жеңімпаздары 2015 жылдың тамыз айында Қазақстан құрамасы халықаралық деңгейде Сан-Паулу (Бразилия) қаласында әлемнің 72 мемлекетінің мыңдаған қатысушыларының арасында ел намысын қорғайтын болады.

Чемпионатқа мемлекеттің 15 аумағынан техникалық мамандықтар бойынша 70 студент қатысты. Қатысушылар шашатараз және мейрамханалық іс, ақпараттық технологиялар, сылақшы және гипсокартон, кірпіш қалау, дәнекерлеу, токарьлық жұмыстары бойынша білімдерімен сайысқа түсті. Байқау қатысушыларын оқу орындарының арнайы пәндер бойынша оқытушылары, өндіріс мамандары, өндірістік оқыту шеберлері эксперт ретінде бағалады.

WorldSkills байқауының мақсаты мен міндеті - жұмысшы мамандарын, оқыту үрдісіндегі технологияларды жақсарту, кәсіби жұмысшылардың беделін көтеру және насихаттау болып табылады.

Шаштараз өнері бойынша байқауға өңірлерден 11 адам қатысты. Қатысушылар өз идеялары мен шеберліктерін шаш үлгісі арқылы шектеулі уақыттың ішінде сарапшылар мен қазылар алқасы мүшелерінің алдында көрсете білу қажет болды.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар