Өзектi

Қызылордалық оқушылар кәсіпорындардың жұмысымен танысты

14.04.2015

5040

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы облыстық Білім басқармасымен бірге «Ашық есік күні» форматында мектеп оқушыларының арасында кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды.
Оқушылардың қызығушылығын тудырған осындай шаралардың бірі - автомашиналарды сатуға және қызмет көрсетуге маманданған «Best-Авто» ЖШС мен тамақтандыру қызметін ұйымдастырушы «Best servis ltd» ЖШС-і.

«Мұндай шаралардың мектеп бітірушілердің мамандық таңдауына тигізер әсері зор», - деді № 264 және 198 мектептердің оқу ісі меңгерушілері Зәуре Қарақұлова

Өндіріс орындарына жасалған экскурсия барысында оқушылар мекеменің жұмыс ерекшеліктерімен, бұл саладағы сұранысқа ие мамандықтар және сол мамандарды дайындайтын оқу орындары жөнінде құнды ақпараттар ала алды. Шара барысында оқушылардың сауалдарына «Best servis ltd» ЖШС директорының орынбасары Лямиға Хамзина мен «Best-Авто» ЖШС-нің кадр бөлімінің бастығы Бибігүл Нұрболатова және Қызылорда политехникалық колледжінің оқытушылары жауап берді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар