Өзектi

Астанада «EDUCATION USA» білім жәрмеңкесінде шетелдік ЖОО-ларға «Болашақ» бағдарламасының жаңа бастамалары таныстырылды

09.04.2015

5584

Астана қаласында «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде «АҚШ-тағы білім» білім беру жәрмеңкесі өтіп, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының әкімшісі - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері қатысты, деп хабарланған аталмыш орталықтың сайтында.
Жәрмеңке барысында Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы өкілдері студенттік визаларға, АҚШ үкіметі қаржыландыратын білім беру бағдарламаларына, ағылшын тілін қарқынды оқу бағдарламаларына және түрлі іс-шараларға арналған қысқаша таныстырулар өткізді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша консультация ұйымдастырумен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Ғалия Досмұхамбетова шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері мен бағдарлама серіктестері үшін «Болашақ» бағдарламасының жаңа бастамалары туралы таныстыру өткізді.

Іс-шараға алмасу бағдарламалары түлектерінің қауымдастығы, «Education USA» консультациялық орталығының өкілі, американдық білім және тілдер жөніндегі кеңесі, сондай-ақ 24 американдық университеттің өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуларынша, «Education USA» жәрмеңкесі білім саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, Қазақстан азаматтарын елде және одан тыс жерлерде оқудың бағыттары мен нысандарының көптүрлілігі туралы ақпараттандыруға ықпал етті.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар