Өзектi

Түркияның XIII-халықаралық ауылшаруашылық көрмесі

04.04.2015

5174

2015 жылғы 24-28 наурыз аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары факультетінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу кафедрасының доценті Сұлтанов Өмірзақ Сенбайұлы Түркияның Конья қаласында өткен XIII-халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысты.

Көрмеде Грузия, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және т.б. ТМД мемлекеттерінің өкілдері бас қосты.

Көрменің басты мақсаты: қатысушы ЖОО-ы арасындағы өзара халықаралық байланыстарды нығайту. Сонымен қатар іс-сапар барысында 74 000 студенті мен 21 факультеті бар Сельшук университетімен ғылыми әріптестік байланыс орнатылып, ғылыми -зерттеу саласында серіктестікке қол жеткізілді.

Шілде айында Түркияда өтетін Республикалық конгреске және қыркүйек айындағы халықаралық симпозиумға ҚазАТУ ғалымдары да шақырылды. Сельшук университетінің студенттері Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алуға қызығушылықтарын танытты.

Дереккөзі: kazatu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар