Өзектi

Болашақ химиктеріміз – жеңімпаз!

17.03.2015

5112

Наурыз айының 11-12 күндері М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-да "Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан студенттердің жинақтаған баллдарының жалпы қорытындысын бағалаған комиссия шешімі бойынша командалық сайыста І орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командасы иеленді. ІІ орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қанжығаларына байлады. ІІІ орынға лайық деп танылғандардың қатары бірнеше болды. Олар:Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен кубоктар табыс етілді. Сондай-ақ, топтардың ғылыми жетекшілері де ТарМУ ректорының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, үздік нәтиже көрсеткен студенттер де марапатқа ие болды: I орынды М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті А.Ю. Зыбинский, II орынды Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Г.Тілеуханова мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті С.Сағынғалиев, III орынды Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенттері С.Данияров пен Қ.Бақберген, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Е.Сағынов иеленді.

Саят МАМЕШОВА, «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы.

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар