50-ге тарта жамбылдық мектеп оқушылары халықаралық интеллектуальдық конкурстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанды
2015 жылдың басынан 50-ге жуық жамбылдық мектеп оқушылары әртүрлі ғылыми пәндер бойынша халықаралық конкурстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері атанды, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.
Айталық, Алматыда өткен механика мен математика бойынша зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысқан 19 жамбылдық оқушының 13-і жүлдегер болды, екеуі алтын медальмен марапатталды, бесеуі күміс және алтауы қола медальдарға ие болды. Математика секциясында дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік мектеп-интернатының 11 сынып оқушылары Ернар Сарбасов пен Асхат Пернебек жүлделі орындардан көрінді.
Осы конкурсқа Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қазақстан елдерінен барлығы 370 оқушы қатысты, олар - ғылыми жобалардың респуликалық конкурсының қорытынды турларының финалистері.
Бұдан басқа, жамбылдық мектеп оқушыларының командасы үшінші рет Алматыдағы ғылыми жобалар республикалық конкурсында бірінші орынға ие болып, 24 медальді жеңіп алды. 43 жұмыстың авторлары екі алтын, тоғыз күміс және 13 қола медальдарды еншіледі. Тағы төрт оқушы құрмет грамоталарымен марапатталды. Қатысушылардың жұмыстары экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеуге, сондай-ақ Қазақстанның тарихи ескерткіштеріне арналған.
Еске сала кетейік, жақында жамбылдық мектеп оқушылары оңтүстіккореялық Тэджон қаласындағы «Кремний аңғарынан» оралды, онда «Жас ғалым» халықаралық конференциясы өткен болатын, оған қатысушылар өздерінің зерттеу қызметтері жөнінде баяндама жасады. Жамбылдық командадағы он оқушының арасынан дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Тараз мамандандырылған мектебінің оқушысы Айзада Зиятханова бірінші орынға ие болды. Төрт оқушы 2-ші және үшеуі - үшінші орынға шықты. Бұдан басқа екі жамбылдық өрен конференцияның халықаралық сертификатын иеленді.
WOOSONG университеті ұйымдастырған «Жас ғалым» конфренциясында марапаттарды тапсыру кезінде қазілар алқасы әртүрлі ғылыми салаларда Қазақстаннан қатысқан конкурсанттардың жоғары ғылыми әлеуетін атап өтті, деп хабарлады Жамбыл облысының блім басқармасы.
Дереккөзі: inform.kz