Өзектi

Қазақстандық оқушы Оңтүстік Кореяда өткен ғылыми байқауда алтын медальді жеңіп алды

14.03.2015

5100

Солтүстік Қазақстан облысында қазақ-түрік лицейінің оқушысы Жанар Әбдірахман 3-4 наурыз күндері Оңтүстік Кореяда өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми байқауында алтын медальға ие болды.
«Оңтүстік Кореяда өткен «Жас ғалым» ғылыми байқауында алтын медальға қол жеткіздім. Математикадан жоба дайындаған едім. Шатасып қалған сәтім де болды. Есепті шығарып, қазылар алқасын таңқалдырдым. Жеңіске жеткенім содан болар. Халықаралық байқауда жүлде үшін Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның 10-11 сыныптарындағы 200-ден астам оқушысы таласқан еді», - деді қазақ-түрік лицейінің оқушы-тәрбиеленушісі Жанар Әбдірахман.

Жанар оқуда одан да биік белестерге қол жеткізуді мақсат еткен. Лицейді тәмамдаған соң, білімін Ұлыбританиядағы ЖОО-ның бірінде жалғастыратын ойы бар.

Аталған халықаралық байқауда күміс жүлдеге қол жеткізген қазақ-түрік лицейінің тағы бір тәрбиеленушісі - Айгерім Тілеуқұл. Айгерім де болашағынан зор үміт күттіретін оқушы. Ол Алматыдағы Қазақ-британ университетіне оқуға түсуді армандайды. «Бұл жеңісім мен үшін мектепте білім алған 11 жылдың бағасы болды», - деді Айгерім тілшімізге берген сұхбатында.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар