Өзектi

Павлодарлық шәкірттер Оңтүстік Кореяда өткен «Жас ғалым» халықаралық байқауында 3 жүлделі орынға ие болды

12.03.2015

5247

Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» байқауынан павлодарлық шәкірттер жүлделі оралды, деп хабарлады білім басқармасының бас маманы Балжан Әділханова.
Павлодар облысының намысын ғылыми жобалар байқауының облыстық және республикалық кезеңдерінің 5 жеңімпазы мен жүлдегері қорғады. Оңтүстік Кореяда павлодарлық зияткерлер үш жүлделі орынға ие болды.

Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Сабина Сқақова мен Екібастұз қаласының С.Торайғыров атындағы № 22 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Серік Ғабит II дәрежелі дипломға ие болды.

Абай атындағы № 10 мектеп-лицейінің шәкірті Әзиза Сыздықова III дәрежелі диплом иегері атанды.



Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар