Өзектi

«Болашақ» бағдарламасымен білім алған 700-ден астам қазақстандық елге оралып, еңбек етуде

03.03.2015

5097

«Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылған 21 жылдың ішінде 7 737 қазақстандық шетелден білім алып, елге оралды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов мәлім етті.
«Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылған 21 жылдың ішінде Қазақстанға 7 737 түлек оқуын аяқтап келіп, қазіргі таңда жұмыс істеуде», - деді Ғ.Нығметов.

Орталық басшысының сөзіне қарағанда, олардың қатарында 2 мыңнан астам бакалавр, 3 571 магистр, 172 маман, 80 PнD докторы, 134 аспирантура, интернатура түлектері және 1 411 тағылымдамадан өткен адам бар.

«Осылайша, «Болашақ» бағдарламасы аясында үш мыңнан астам инженер, 600-ден астам біліктілігі жоғары дәрігер, 330 мемлекеттік қызметші, 80 ғалым, 1 500-ден астам отандық ЖОО-лар мен ғылыми орталықтардың оқытушылары, 200 мектеп ұстазы, 150 шығармашылық сала қызметкері, 2 мыңға жуық мемлекеттік және жеке компаниялардың менеджерлері дайындалды», - деді ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар