Өзектi

Өткен жылы еліміздің Білім министрлігі 5 ЖОО-ны лицензиясынан айырды

03.03.2015

5352

Өткен жылы еліміздің Білім және ғылым министрлігі 5 жоғары оқу орнын лицензиясынан айырды. Бұл туралы аталған ведомстводан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ресми сауалына орай мәлім етті.
«Мемлекеттік бақылаудың нәтижесінде 2014 жылы бес жоғары орнының лицензиясы кері қайтарылып алынды, 26 оқу орнының лицензиясы тоқтатылды және 15 жеке меншік колледж жабылды», - делінген ведомство ақпаратында.

Министрліктің атап өтуінше, білім беру ұйымдары өз қызметтері тоқтатылған кезеңде білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзылуын жоюы тиіс. Лицензияны тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін аталған білім ордаларына қайта мемлекеттік бақылау жүргізіледі.

2015 жылғы 25 ақпандағы мәліметтерге сәйкес елімізде 55 жеке жоғары оқу орны мен 353 жеке колледж бар.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар