Өзектi

Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командасы I орынды иеленді

25.02.2015

5285

2015 жылғы ақпан айының 17-20 күндері аралығында Алматы қаласының «Алатау» санаторийі базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы 4 бағыт, 18 секция бойынша өткізілді. Республикалық ғылыми жоба конкурсының IV кезеңіне 51жоба, 57 оқушы қатысты.

Астана қаласы оқушыларының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсында 2005 жылдан бері I жүлделі орынды, «Ең үздік команда» атағын 9 -шы рет иеленіп келеді.

Биыл да Республикалық ғылыми жобалар конкурсында Астана қаласы оқушыларының командасы I орынды иеленді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар