Өзектi

Ақмола облысында жастарға шәкіртақы үшін 65,5 миллион теңге бөлінді

25.02.2015

5379

2014 жылы 230 жас Ақмола облысы әкімінің шәкіртақысына ие болған. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық жастар саясаты мәселесi жөнiндегi басқармасының басшысы Шахмардан Байманов хабарлады.
«Облыста әлеуметтік жағынан қорғалмаған санаттағы жастарға қолдау көрсетуге, сапалы кәсіби білім алуға ынталандыру мақсатында облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы тағайындалған. 2014 жылы шәкіртақы көлемі 61 миллион теңгені құрап, оған 238 адам қол жеткізген. Олар негізінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, яғни, жетім, көпбалалы және толық емес отбасынан шыққан балалар, сондай-ақ, сұранысқа ие мамандық бойынша білім алатын және оқу үлгерімі жақсы студенттер. 2015 жылы осы мақсатта облыстық бюджеттен 65,5 миллион теңге бөлінді», - дейді ол

Сонымен қатар, басқарманың баспасөз қызметі хабарлағанындай әр санаттағы жастармен мекенжайы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, талантты және дарынды жастарға өз мүмкіндіктерін көрсету алаңы да қарастырылған. 2014 жылы аталған бағыт бойынша облыстық "Студенттік көктем" талантты жастар фестивалі, "AkmolaPower" инновациялық идея және жоба байқауы, "Zhas_akmolа" облыстық жастар байқауы, КТК фестивалі сияқты өзге де іс-шаралар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихаты барысында Шахмардан Байманов ҚР "Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде" жаңа Заңының мүмкіндіктерін де түсіндіріп өтті.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар