Өзектi

Хирургтер елімізде донорлықты дамытуды қолға алу қажеттігін айтуда

23.02.2015

5449

Былтыр елімізде адамның ішкі органдарын ауыстыру бойынша 200-ден астам операция жасалған. Қарағандыда өткен халықаралық конференцияда хирургия саласындағы жаңашылдықтар мен трансплантология мәселесі қозғалды. Бұл шара еліміздегі хирургия мектебін қалыптастырушылардың бірі, аты әлемге танылған Сергей Лохвицкийдің 80 жылдық мерейтойына арналды.
Халықаралық конференцияда бас қосқан хирургтер елімізде донорлықты дамытуды қолға алу қажеттігін сөз етті. Көп жағдайда қайтыс болған адамның туған-туыстары олардың органдарын донорлыққа тапсырудан бас тартады дейді дәрігерлер. Сала мамандары бұл жағдайды заңды түрде шешу жолдарын да тілге тиек етіп, хирургия саласына жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. ҚР Президенті іс басқармасы медицина орталығының бас хирургі Серік Тоқпанов:
- Бүгінде операциялар құрсақ қуысын тесу арқылы, яғни лапароскопиялық жолмен жасалады. Хирургия жылдан-жылға дамып келеді, бұл салаға жаңа технологиялар енгізілуде. Жиынға белгілі қарағандылық хирург Сергей Лохвицкий де қатысты. Мыңдаған адамның өміріне араша түскен абзал жан бүгінде 80-ге келді. Еліміздегі хирургия мектебін қалыптастырушылардың бірі бүкіл ғұмырын медицинаға арнады.
Сергей Лохвицкий, жоғары дәрежелі хирург, медицина ғылымдарының докторы:
- Хирургия – жауапкершілікті қажет ететін сала. Әрдайым жаңа тәсілдерді үйреніп, заманауи жабдықтармен жұмыс істеуге бейім болу керек. Көп ізденіп, көп оқу керек. Профессор Лохвицкий нанобөлшектердің көмегімен емдеу тәсілдерін ойлап тапты. Бұл жаңа технологияның ерекшелігі – дәрі-дәрмек қабынған жерге тікелей лимфа арқылы жеткізіледі. Яғни басқа ағзалар зардап шекпейді. Бүгінде ол шәкірттерімен бірлесіп қатерлі ісікпен және ВИЧ індетімен күресу жолдарын іздестіруде.
Авторлары: Айнұр Әбдиева, СайлауІгіліков, Әсет Асайынов

Источник: 24.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар