Өзектi

Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон-М» зымыранын ұшыруға дайындауда

23.02.2015

5430

Байқоңыр ғарыш айлағына 19 наурызда «Протон-М» зымыран тасымалдағышының көмегімен ұшырылатын «Экспресс-АМ7» жеткізілді.
Роскосмос баспасөз қызметінің хабарлауынша, телекоммуникациялық «Экспресс-АМ7» аппараты және қосымша жабдықтар ұшақпен «Юбилейный» аэродромды кешеніне жеткізілген.

Қажетті кедендік рәсімдеуден соң спутник одан әрі ұшыруға дайындау үшін № 50 монтаждау-сынақ кешеніне апарылды.

«Протон-М» зымыран тасығышын «Бриз-М» екпінді блогымен және «Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратымен ұшыру 2015 жылғы 19 наурызға жоспарланып отыр. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан 2015 жылғы «Протон-М»нің екінші ұшырылымы болмақ.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар