Өзектi

Еңбек күші жеткіліксіз өңірлерде білім алуға арналған гранттар 2,5 есе көбейтіледі - ҚР БҒМ

13.02.2015

5809

Еңбек күші жеткіліксіз өңірлердегі Жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуға бөлінетін гранттар саны 2,5 есеге көбейтіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.
«2014 жылы еліміздің жұмыс күші тапшы өңірлеріндегі жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне бөлінген гранттар саны 2050 болды. Ал 2015 жылы біз бұл көрсеткішті 2,5 есеге, яғни 5 мың грантқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап, Қазақстанның жұмыс күші аз өңірлеріндегі маман тапшылығын жою мақсатында «Серпін» бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған болатын.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар