Өзектi

ҚР БҒМ: ҚР ҰКП жанынан 17 кадрларды даярлайтын оқу орталығы ашылды

10.02.2015

6328

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан салалық қауымдастықтар кластерлік тәсілдеме негізінде қысқа мерзімде кадрларды даярлайтын 17 оқу орталығын ашқан.
«ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан салалық қауымдастықтар кластерлік тәсілдеме негізінде Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Орал, Шымкент қалаларында қысқа мерзімде кадрларды даярлау, қайта даярлау, кадрлардың біліктілігін арттыру және сертификаттау бойынша 17 оқу орталығын ашты. Мамандар оқу орталықтарында құрылыс, энергетика, сервистік қызмет, мұнайгаз саласы, металлургия, машина жасау, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық салаларында білім алатын болады», - деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар