Қызылордада «Жаратылыстану ғылымдары - қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің негізі» тақырыбында конференция өтті
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде облыстық оқу орталығымен бірлескен «Жаратылыстану ғылымдары - қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің негізі» тақырыбындағы облыстық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.
Бұл туралы колледждің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәслихатқа облыс көлеміндегі техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары бойынша 16 оқу орнынан 67 студент қатысты. Олар ғылым мен техника жетістіктерін пайдалана отырып жаратылыста болып жатқан физикалық құбылыстарды, табиғат пен экологияны, химия-биологиялық қосылыстарды, нанотехнология мен математикалық есептеулерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына арқау етіп, ойларымен бөлісті.

Конференция қорытындысы бойынша М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі, «Болашақ» медицина колледжі, Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі және Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталып, қалған қатысушыларға облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) сертификаты табысталды. Сонымен қатар студенттердің жаратылыстану ғылымдары бойынша ғылыми жетекшілерімен бірлесе зерттеген жұмыстарының жинағы дайындалып, таратылды.
Дереккөзі: inform.kz