Сәулет-құрылыс факультетінің өкілдері VI-шы Халықаралық геотехникалық симпозиумына қатысты
2015 жылы қаңтарда Үндістанның Ченнай қаласында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Сәулет-құрылыс факультетінің өкілдері: «Ғимарат және имараттарды жобалау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор А.Ж. Жүсіпбеков, «ҒжИЖ» кафедрасының м.о. доценті Ж.А. Шахмов, «АҚЖТ» кафедрасының м.о. доценті Т.Ж. Сеидмарова, «ҒжИЖ» кафедрасының 3 курс докторанты А.К. Алдоңғарова, «ҒжИЖ» кафедрасының 2 курс докторанты Б.О. Қалданова, «ҒжИЖ» кафедрасының 2 курс магистранты Б.К. Досмұхамбетова қатысқан арнайы геоэкологиялық шарттарда күтпеген апаттардың зардаптарынан сақтап қалуға және жоюға арналған «Disaster Mitigation in Special Geoenvironmental Conditions» VI-шы Халықаралық геотехникалық симпозиум болып өтті.
Сондай-ақ, аталмыш форумға әлемнің түрлі елдерінен, атап айтқанда, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Индонезия, АҚШ, Ресей, Малайзия, Германия, Польша, Австралия, Қазақстан, Үндістан және басқа елдерден 250 ғалым және мамандар қатысты.
Симпозиумда мынадай бағыттар қарастырылыды: «Қауіпті табиғи құбылыстар мен сабақтас инженерлік-геологиялық мәселелер», «Геоэкологиялық технологиялар», «Қауіпті қоршаған орта шарттарындағы геотехнология», онда барлық өкілдер баяндама жасады. Талқылауға барлығы 9 баяндама ұсынылды.
Симпозиум қатысушыларына техникалық экскурсия ұйымдастырылды, онда Махабалипурам – Коромандель жағалауындағы, индияның Тамил-Наду штатындағы, Ченнайдың оңтүстігінде 60 км жатқан, 40 мың халқы бар қаланы көруге мүмкіндік болды. Қала VII ғ. Мамаллапурам атындағы Паллав патшалығының басты порты ретінде пайда болды. Паллав дәуірінде (VII–IX ғғ.) түрлі монументті мүсінді және сәулеті, бір тұтас тастарда шауып түсірілген және буддалық себептерде жасалған ескерткіштер сақталған: жағалаудағы храм – 2004 жылдың 26 желтоқсанында цунами кезінде шайылған, соңында қайта қалпына келтірілген; кіші тасты храм Варах; Арджунның бойынсыну және Ганганың аспаннан түсу сахналарымен аса үлкен бедерлер; храм Панча Рат - пандав аттармен болжанған бес алып тас арбалар. Осы нысандардың барлығы Бүкіл әлемдік ЮНЕСКО мұра тізіміне кіреді.
Сондай-ақ, Халықаралық геотехникалық симпозиум қатысушылары Үнді мұхитының жағалау геотехникасымен танысты.
Дереккөзі: enu.kz