Өзектi

Сенiмдi серiктес

22.01.2015

7117

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универ­ситетінің ректоры, академик Ж.М.Әділов Гонконг (ҚХР) политехникалық университетінен келген бірқатар өкілдермен екіжақты ынты­мақ­тастықты талқылау мақса­тында кездесу өткізді.
Олардың қата­рында вице-президент профессор Анжелина Юйен (институ­ционалдық даму және серік­тестік), Құрылыс және қоршаған орта факультеті де­канының орынбасары, про­фессор Дин, Қытай материк байланысы бо­йынша директоры доктор Лаура Ло, Халықаралық байланыс кеңсесінің бас ме­неджері Мисс Вин Вонг бар.

Аталмыш басқосуға ҚазҰТУ атынан профессорлар, прорек­торлар, директорлар мен өзге де қызметкерлер қатысты.

– ҚазҰТУ – еліміздегі 80 жыл­дық тарихы бар ең үлкен тех­никалық оқу ордасы. Қабырғасы 1934 жылы қаланған білім ошағы алғашқыда тау-кен метал­лур­гиялық институты болып құ­рылған болатын. Осы жылдар арасында еліміздің түкпір-түк­пірінде біздің ордамыздан қанат қаққан түлектер техника саласында қызмет етуде. ҚазҰТУ құрамына 11 институт кіреді. ҚазҰТУ әлем мойындаған халық­аралық аккредитациялық ABET (АҚШ), ASIN (Германия), АИОР (Ресей) сынды агенттіктерден техника және технология саласы бойынша 20 мамандықтан аккре­дациядан өтті. Бүгінгі күнде университет Қазақстандағы 11036 студент білім алып жатқан көш­басшы ғылыми-білім беру орта­лығы. Олардың қатарында 9506 бакалавриат, 1319 магис­трант, 211 PhD доктарант бар. Универ­ситеттің академиялық құрамы 1155 қызметкерді құ­райды. Олар­дың қатарында 167 ғылым докторы, 528 ғылым кандидаты, 28 PhD докторы, 182 магистр бар, – деп Жексенбай Мәкейұлы сөзін сабақтады. Рек­тор бүгінгі таңда ҚазҰТУ Қы­тайдың 8 оқу орны­мен ынты­мақтастық шеңберінде келісімге қол қойғанын да атап өтті.

Бүгінде Қытай мемлекетінен ҚазҰТУ-да 75 студент білім алуда. Олардың 69-ы бакалавриат болса, 6 студент магистрлік білім алуда.

«Академиялық жинақылық «Шақырылған дәріс оқушы» бағдарламасы шеңбері аясында 2011 жылы ҚХР-дан жеті профессор келіп, студенттерге дәріс оқыды. 2011 жылы біздің үш магистр мұнай және газ саласы бойынша, Пекин университетінде толық оқу грантын жеңіп алды. 2012 жылы екі магистр Қытайға оқуға қабылданды. 2009 жылдан бастап, жеті докторант диссер­тациялық жұмысына материал жинақтау үшін ҚХР-дың ғы­лыми-зерттеу орталығына іс­сапарға жіберілді. Біздің ғалым­дар жыл сайын ҚХР-дың Жоға­ры оқу орындарына біріккен екі­жақты жобаларды талқылау мақсатында халықаралық семи­нарлар, симпозиум мен кон­ференцияларға қатысып қай­тады» деді әңгіме барысында ректор Ж.М.Әділов.

Өз кезегінде сөз алған вице-президент, профессор Анжелина Юйен Гонконг (ҚХР) политех­никалық университеті жайында да жиналғандарға айтып өтті. Гонконг политехникалық универ­ситеті іргетасы 1937 жылы қа­ланған 77 жыл тарихы бар оқу ордасы. Қазір онда 18189 студент білім алса, оның 4 226 өзге мемле­кеттерден. «Sub-degree» бағдар­ламасы бойынша бакалавриат, магистр және докторанттар білім алуда. Гонконг университетінде алты факультет және екі мектеп, екі зертхана мен бес ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Әлемдік жоғары оқу орындары арасындағы рейтингтік көрсет­кіште 162-орында болса, Азияда 27-орында екен.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қызығушылық танытты.

«Біздің байланыстың нығая түсетініне сенімім мол» деді ҚазҰТУ ректоры.

Дереккөзі: aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар