Өзектi

224 адамға «Болашақ» стипендиясы берілді

29.12.2014

4977

Шетелде оқыған мамандардың саны емес, сапасы маңызды. Бұл туралы бүгін Ақордада Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

Ол өз сөзінде Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру және әлемдің дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін білікті кадрларды дайындау барынша өзекті бола түсетіндігін баса айтты.

«Қазақстанды ауқымды инфрақұрылымдық дамыту, жаңа өндірістерді құру, біздің елімізде өңірлер арасындағы көліктік коммуникациялардың барлық түрін дамыту арқылы бизнес ынтымақтастықты жандандыру кәсіби сапасы үздік әрі тиісті кәсіби дағдысы бар жоғары деңгейлі менеджерлер қажеттігін тудырады», - деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, Жолдаудың әрбір бағытын жүзеге асыру дайындығы жоғары, білікті мамандарды қажет ететіндігін атап өтті.

«Білім алған мамандардың саны емес сапасы маңызды. Әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, алдыңғы қатары үздік тәжірибені бойына сіңірген креативті ойлай білетін жастар, жаңа формация мамандары қажет»,- деді ол.

Отырыс қорытындысында республикалық комиссияның шешімімен 224 стипендия тағайындалды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар