Өзектi

Байқоңырдан еуропалық байланыс спутнигімен «Протон-М» ұшырылды

29.12.2014

4939


Байқоңыр ғарыш айлағынан еуропалық Astra-2G байланыс спутнигімен «Протон-М» зымырантасығышы ұшырылды, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Ресейғарыш өкілі.
«Ұшыру есептелген уақытта - мәскеу уақытымен 00.38-де (астана уақытымен 03.38) болды. Іске қосу бағдарламасы мәскеу уақытымен 09.50-де Astra-2G спутнигінің «үдеткіштен» бөлінуімен және діттеген орбитаға шығарумен аяқталады», - деді агенттік сұхбаттасушысы.

Хруничев атындағы орталықтың ақпараты бойынша Astra-2G телекоммуникациялық ғарыштық аппаратын Airbus Defence and Space (Airbus Groupеуропалық компаниялар тобының бөлімшесі) SES спутиниктік байланыс операторының (Люксембург) тапсырысымен жасаған. Astra-2G спутнигі жоғары сенімді Eurostar E3000 тұғыры базасы салынған. Аппараттың ұшу массасы 6 тонна, қанатының күн батареялары ашылғаннан кейінгі жазылуы - 40 метр., спутниктің 15 жылдық қызмет мерзімі өткенше қуаты - 13 кВт. Спутник Еуропада, Таяу Шығыста және Африкада кеңжолақты хабар таратуды қамтамасыз етеді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар