Өзектi

Құстар да табиғаттың тосын мінезін алдын ала сезеді - ғылыми зерттеу

23.12.2014

5387


Америкалық ғалымдар құстардың дүлей дауыл жақындап қалғанын сезетінін білді. Өйткені, зерттеушілер құстарға арнайы аппараттар тағып, сол арқылы ұяларын торнадо болғанға дейін бір күн бұрын тастап кететініндігін білген, деп жазады Росбалт.
Геолокаторлардан 2014 жылы сәуірде құстардың Мексика шығанағынан оңтүстікке қарай 700 шақырымға ұшып кеткен себебін келесі күні АҚШ-тың орталық бөлігі арқылы жойқын торнадо өткенінен кейін білген.

Дәл сол кезде құстар маусымдық «миграциядан» қайтып келген. Себебі, құстар қыста Колумбияға кетіп, сәуірде кері АҚШ аумағына оралады. Ғалымдар торнадоның жақындап келе жатқаны туралы хабар алғанда, оларды арнайы бақылаған.

Күшті дауылда кемінде 84 құйынды болған. Одан 35 адам мерт болды. Үкімет 1 млрд. доллардан астам шығынға ұшырады. Дауыл басылғаннан кейін команда геолокаторлары бар бес құсты ұстап алып, олардан арнайы қондырғыларды алып тастаған.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар