Өзектi

«ОҢТҮСТІК ИННОВАЦИЯ» - СЕНІҢ МҮМКІНДІГІҢ!

19.12.2014

5508

«Шымкент инновация» ЖШС 15 жастан 30 жасқа дейінгі жас дарынды ғалымдар мен өнертапқыштарды жыл сайынғы өткізілетін «Оңтүстік инновация» инновациялық жобалар байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың басты мақсаты - ОҚО жастарына инновациялық жобаларды іске асыруына қолдау көрсету және әлеуетті инноваторлар мен инновациялық жобаларды жасаушыларды бизнес-жоспарлауға оқыту.

Жобаларға қойылатын талаптар:

идеялардың инновациялық тақырыпқа сай болуы;
автордың шығармашылық тәсілдемесі және тақырыпты толығымен аша білуі, анализ жасай отырып өзінің шешімдерін ұсына алуы;
таңдалған тақырыптың бүгінгі күнде маңызды болуы;
жобаның ОҚО аумағында іске асырылу мүмкіндігі, сонымен қатар жергілікті өндірістер мен шаруа қожалықтарының қолдана алу мүмкіндігі.
Іріктеу үшін негізгі талаптар:

қатысушының презентациялық біліктілігі, көндіре білу қабілеті;
презентацияның мазмұндылығы;
сараптамалық комиссия алқаларының сұрақтарына жауап бере білуі.
Жеңімпаздарға бағалы жүлделер мен ақшалай сыйақылар табысталады, ал ең бастысы, дайындаған жобаларының іске асырылуына одан арғы қажетті қолдау жасалады. Болашақтан үміт күттіретін қатысушыларға толық бизнес-жоспар жасауға және жобаны іске асыруда қажетті іс-құжаттарды даярлауға көмек көрсетіледі. Ал сәтті жобалар 3 млн. теңгеге дейінгі сомадағы мемлекеттік грант жеңіп алуға жолданатын болады.

Өтінімдер 2-ші және 17-ші желтоқсан аралығында «Оңтүстік инновация» конкурсына» тақырыбымен келесі мекенжайға: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 70/4, «Кәсіркерлерге қызмет көрсету орталығы» бизнес-орталығы немесе info@shymin.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет.

«Оңтүстік инновация» байқауының финалы 2014 жылғы 19 желтоқсанда «КҚКО» бизнес-орталағында өтеді.

Дереккөзі: shymin.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар