Қазақстан QS University Rankings рейтингі бойынша үздік университеттері бар елдердің тізіміне енді
Он жылдан астам QS World University Rankings басылымын шығаратын QS Quacquarelli Symonds компаниясы бүгін QS University Rankings: дамып отырған Еуропа мен Орталық Азия 2014/15 атты жаңа рейтингін ұсынуда. Бұл туралы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің сайтынан хабарланды.
Бұл туралы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің сайтынан хабарланды.
Университеттердің жаңа рейтингі даму үстіндегі Еуропа мен Орталық Азияның 30 елдерін қамтыды.
Университеттерді екшеу үшін қолданылған әдіснама QS Жаһандық академиялық кеңесі сарапшыларынан консультация алу арқылы, сондай-ақ жергілікті сарапшылардың көмегімен құрылды. Қолданылған критерийлер аймақта ерекше маңызды университеттердің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігінің аспектілерін көрсетуге бағытталған.
Ресей елінің рейтингте 26 университеті көрсетілді, соның ішінде Мәскеу мемлекеттік университеті бірінші орында тұр.
Рейтингке университеттерінің көп саны түскен келесі екі ел - Түркия мен Чехия, одан кейін Польша, Қазақстан, Венгрия және Украина.
QS World University Rankings - әлемнің үздік университеттері лигасының жыл сайынғы беделді, танымал және құрметке ие рейтингі. QS IntelligenceUnit мамандары мен жетекші ғалымдардан тұратын Халықаралық консультативтік кеңеспен тығыз байланыста жасалған QS World University Rankings® талапкерлер мен студенттер, университет мамандары мен әлем үкіметтері арасында кеңінен қолданылады.
Дереккөзі: inform.kz