"Самұрық-Энерго" электр қуаты тапшылығы мəселесін шешуге мүмкіндік беретін 14 жобаны қолға алады. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сəтқалиев мəлімдеді.
- Елбасы Жолдауында көрсетілген барлық басым бағыттар "Самұрық-Энерго" компаниясының 2022 жылға дейінгі даму стратегиясында қамтылған. Біздің қазіргі мақсат-міндетіміз - Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, əлеуметтік жауапкершілікті арттыру, жаңғырмалы энергия көздерін жаңғырту, жоғарғы технология, сəйкесінше жаңа қуат көздерін салу, қоршаған ортаға келетін зиянлы азайту. Осы бағытта Үкіметтің қолдауының арқасында бұл мəселелердің барлығын тиімді шешуге мүмкіндік бар, - деді А.Майданұлы.
Сонымен қатар, бүгінгі күні инфрақұрылымды дамыту мақсатында компанияның инвестициялық портфелінде 14 жоба бар екендігін айтқан төраға:
- Оларды іске асыру электр қуаты тапшылығы мəселесін шешуге мүмкіндік береді жəне өңірлердің əлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Қазір ҮИИД МБ мен Индустрияландыру картасы аясында Балқаш ЖЭС-ін салу, Екібастұз МАЭС-1 станциясын жаңғырту жəне қуатын кеңейту, Екібастұз МАЭС-2 станциясын нөмірі 3 энергия блогын сала отырып кеңейту жəне қайта құру, Шардара ГЭС-ін жаңғырьу, Алматы қаласы мен Алматы облысында қосалқы станциялар салу жəне қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-ін салу сынды 6 жоба іске асырылып жатыр, - деді.
Дереккөзі: baq.kz