Өзектi

Өнер және ғылым саласындағы дарынды шығармашыл жастарға арналған Елбасы гранттарына конкурс жарияланады

03.11.2014

6482

2015 жылға өнер және ғылым саласындағы дарынды шығармашыл жастарға арналған Нұрсұлтан Назарбаевтың гранттарына конкурс жарияланады, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газеті.

«Қазақстан-2050» Стратегия­сы­ның ойдағыдай жүзеге асуына ықпал ету, мемлекетіміздің әлеу­­меттік-экономикалық, мә­дени-гуманитарлық және ғылы­ми-тех­никалық дамуы мен дарын­ды шығармашыл жастар­ды қолдау мақсатында Н.Назар­­­баевтың мәдениет, білім және әлеу­меттік бағдарламалар қоры (бұдан әрі - Қор) көркем және ғы­лыми жобаларды жүзеге асыруға, жетекші халықаралық шығармашылық және ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуге, халықаралық шығарма­шы­лық конкурстар мен ғылы­ми конференцияларға қатысуға арналған 2015 жылы тағайын­далатын Н.Назарбаевтың гранттарына Республикалық конкурс жариялайды.

Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағ­дар­ла­малар қорының төменде ­жа­­рия­ланған Гранттар жөніндегі ережесіне сәйкес ресімдел­ген үміткерлердің материал­дары мен құжаттары 2015 жылдың 1 ақпанына дейін мына ­мекенжай бойынша қабылданады: Н.На­зарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарла­­малар қоры, Астана қаласы, 010000, Қонаев көшесі, 10, 2503 офис.

Құжаттардың электронды түрін nazarbayevfoundation@gmail.com. поштасына жіберуге болады.

Өнер және ғылым саласындағы дарынды шығармашыл жастарға арналған Нұрсұлтан Назарбаевтың гранты туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

2. «Қазақстан-2050» Стратегиясының ойдағыдай жүзеге асуына ықпал ету, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық дамуы мен дарынды шығармашыл жас­тарды қолдау мақсатында Н.Назарбаевтың мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалар қоры (бұдан әрі - Қор) мәдениет және білім саласындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың гранттарының тағайындалғаны жөнінде хабарлайды.

3. Осы Ереже Қор гранттарының берілу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - гранттар).

4. Гранттарды берудің мақсаттары:

1) дарынды шығармашыл жастар мен жас ғылыми жұмысшылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру, Қазақстанның өнері мен ғылымын халықаралық аренада ойдағыдай таныстыру үшін қолдау;

2) дарынды шығармашыл жастар мен жас ға­лым­дардың халықаралық шығармашылық және ғылыми-техникалық орталықтарға қолжетімділігін ұйымдастыруға ықпал ету болып табылады.

4. Қор:

1) көркем, ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруға;

2) жетекші халықаралық шығармашылық және ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуге, халықаралық шығармашылық конкурстар мен ғылыми конференцияларға қатысуға арналған гранттарды тағайындайды және бөледі.

5. Қор Қормен бекітілетін басқа да сипаттағы гранттарды тағайындауға құқылы.

2. Гранттарды тағайындаудағы конкурстық таңдаудың тәртібі

6. Гранттар конкурстық негізде тағайындалады.

7. Құжаттар Қор белгілеген мерзімде ұсынылады.

Конкурстық таңдау және оның қорытындысы туралы ақпарат БАҚ-тарда және Қордың Интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Гранттарды алуға келесі категориядағы азаматтардың құқығы бар:

1) отыз жасқа дейінгі дарынды шығармашыл жастар;

2) мемлекетке басымды болып табылатын бағыттарда болашақ ғылыми зерттеулерді жүргізуге белсенді қатысатын отыз бес жасқа дейінгі ғалымдар;

3) ғылыми зерттеулерді жүргізуге белсенді қатыса­­тын­ студенттер немесе жоғары оқу орындарының түлектері.

9. Гранттарды алуға жұмыстарды ұсыну құқығы жеке тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган­дарға, шы­­ғармашылық ұжымдарға, ғылыми ұйымдар мен мен­шік нысанасына қарамастан Қазақстан Респуб­ли­касының жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ұйымдар) беріледі.

10. Грантты алуға жұмыстарды ұсыну туралы шешім грантты ұсынатын ұйымда бекітілген тәртіп бойынша қабылданады.

11. Грантты алуға жеке және саны бес адамнан аспайтын авторлар ұжымының жұмыстары ұсынылуы мүмкін. Әрбір автор және авторлар ұжымы конкурсқа тек бір ғана жұмыс ұсынуға құқылы.

12. Грант алуға жұмыс екі реттен артық ұсыныл­май­ды. Осы гранттың лауреатының жаңа жетістіктері болған жағдайда оған грант алдыңғы тағайындалған грант­тан кейін бес жыл өткеннен соң қайта берілуі мүмкін.

Ұжымдық жұмыстың авторларына гранттың ақша бөлігі тең үлесте төленеді.

13. Грант алуға келесі құжаттар ұсынылады:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш;

2) алушының түйіндемесі;

3) жеке куәлігінің және/немесе төлқұжатының көшірмесі;

4) бейне, аудио-фото материалдар түріндегі көркем­дік жұмыстар және оның мазмұны, өзектілігі, жаңашылды­ғы және шығармашылық құндылығы баяндалған сипаттамасы;

5) кітаптар, монографиялар, оқулықтар, түптес­тірілген мақалалардың баспа-таңбасы, патенттердің көшірмесі, авторлық куәліктер, есептер түріндегі және басқа нысандардағы ғылыми жұмыстар;

6) жұмысты ұсынған ұйымның хаттамасынан көшірме;

7) грант алушының негізгі жұмыс орнынан анықтама (болған жағдайда);

8) грант алушының қызметі туралы шығармашылық үлесі көрсетілген қысқаша мінездемесі (ұжымдық жұмыстар үшін);

9) негізгі жұмыстардың тізімі (5-еуден артық емес);

10) өзге де құжаттар (болған жағдайда).

14. Грант алуға арналған материалдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2015 жылғы 1 ақпанға дейін Қорға ұсынылады.

15. Гранттарды алуға ұсынылған жұмыстар мен материалдар авторлардың хат жүзіндегі талабы бойынша бір данада қайтарылады.

3. Конкурстық комиссияның жұмыс істеу тәртібі

16. Қабылданған материалдарды қарау және гранттарды тағайындау мәселесі бойынша шешім қабылдау үшін Қордың шешімімен конкурстық комиссия құрылады.

Конкурстық комиссия сабағаттық - кеңесші орган болып табылады және Қор өкілдерінен, Қазақстан Республикасының өнер және ғылым қайраткерлерінен құрылады.

Гранттарды алуға конкурстық комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда соңғылары комиссияның жұмысына қатыспайды.

17. Конкурстық комиссия грант алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшін секциялар құрады (эксперттік комиссиялар), олардың құрамы мен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

18. Конкурстық комиссия секцияның қорытын­дысының негізінде Қор басшылығының қарауына өзінің шешімін енгізеді.

19. Конкурстық комиссия секцияның қорытын­дысының негізінде Қор грантты тағайындау жөнінде шешім қабылдайды.

20. Гранттарды тағайындау жөніндегі конкурс­тардың нәтижесі БАҚ-тарда немесе Қордың Интернет-ресурсында жариялануға жатады.

4. Гранттарды бөлу тәртібі және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау

21. Гранттар грант бөлу туралы келісімшарт жасау арқылы бөлінеді.

22. Грант бөлу туралы келісімшартта жалпы шарттардан тыс мыналар қарастырылуы тиіс:

1) конкурстық комиссия шешімінің нөмірі мен күні;

2) гранттың мақсаты;

3) содан кейін тиісті есепті бере отырып, грантты мақсатты пайдаланатыны туралы грант алушының міндеттемесі;

4) мақсатсыз пайдаланғаны үшін алынған қаржыны қайтару түріндегі грант алушының жауапкершілігі.

23. Грант ақша түрінде келісімшартта көрсетілген грант алушының есебіне аудару арқылы беріледі.

24. Грантты мақсатсыз пайдалану туралы дерек анықталса Қор аударылған ақшаны қайтарып алуды талап етуге құқылы.

25. Грантты мақсатсыз пайдалану Қормен ұйым­дастырылатын басқа конкурстарға қатысуға жібермеуге байланысты бас тарту үшін негіз болып табылады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар