Өзектi

Қазақстанда ғылыми кадрларды даярлаудың оң өзгерістері

31.10.2014

5914

Бүгін Халықаралық бизнес университеті мен Инновациялық экономика ғылыми-зерттеу институты ұйымдастыруымен «Еңбек нарығы: шынайлығы және келешегі» деген тақырыпта конференция болып өтті. Басқосуда инновациялық экономика құруда білікті мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері талқыланды. Конференция жұмысына «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Президенті Әділ Ыбыраев та қатысып, ғылыми кадрларды даярлауға қатысты көкейде жүрген ойын ортаға салды.
Қазіргі таңда елімізде инновациялық экономика құру ісі – халықтың өмір сапасын жақсартуға және мамандардың кəсіби біліктілігін шыңдауға даңғыл жол ашуда. Сондықтан бұл бағытта әрбір жас, алдына үлкен мақсат қойып, білікті маман болуға ұмтылуы тиіс. Конференция барысында инновациялық экономикаға қажетті мамандар даярлау, еңбек миграциясы және технологиялық үрдістердің мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға қатысты қойып отырған талаптары кеңінен сөз болды.
Жиын барысында баяндама жасаған «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ы Президенті Әділ Жүнісұлы соңғы жылдары елімізде ғылым кадрларды даярлаудың жаңа жүйесі енігізіліп, ғылыми кадрларды даярлау ісіне сапа кіргенін алға тартты.
– Қазіргі таңда елімізде сапалы ғылыми кадрлар даярлау өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қазақстан Болон декларациясына қол қойып, мүше болғаннан кейін Қазақстанда ғылым кандидаты атанушылардың саны күрт қысқарды. Осылайша елімізде сапалы ғылыми кадрлар даяралайындайтын мүмкіндік туды. Кезінде Қазақстан бойынша жыл сайын 1500 кандидат, 300-500 ғылым докторларын даяралғаны әлі есімізде. Ал еліміз Болон үрдісіне мүше болған алты жыл ішінде 700 PhD докторлар даярланған, – деп «ҰҒТАО» АҚ перезиденті ойын ортаға салды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар