Өзектi

ТжКБ мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 10 пайызға артты - ҚР БҒМ

31.10.2014

6789

Соңғы 3 жылда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 10 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ кәсіби-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру департаментінің директоры Сабыржан Мадеев мәлім етті.

«Соңғы 3 жылда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 10 пайызға артты. Егер 2011 жылы ол 60 пайыз, ал 2013 жылы 70,5 пайызды құрады», - деді ол.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, жұмысқа орналасқан түлектер саны 2011 жылы 50025 болса, ал 2013 жылы ол 1 пайызға артық 54561 адамға жеткен.

Жалпы, министрлік ақпаратына сәйкес, болашақта мектептерде 10-11 сыныптарда элективтік курстар енгізу, оқуын жалғастырмаған мектеп түлектерін міндетті әскерге жолдау, Ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру, колледждер мен жоғары сыныптарда кредиттік технология енгізіп, жастардың үздіксіз білім алуына жағдай жасау жоспарланған.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар