Өзектi

Оңтүстікқазақстандық ғалымдар шетелдік мамандарды бірегей ғылыми жаңалықтарымен таң қалдырды

31.10.2014

6646

ОҚО ғалымдары халықаралық конференцияда өздерінің бірегей еңбектерін ұсынды. Сөйтіп, олар 17 елдің профессорларын таңдай қақтыруға бел байлаған.
"Бұл конференцияға әлемдік ғылыми қауымдастықтың аса танымал өкілдері келді. Олардың арасында АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Малайзия мен Қытайдан, Ресейден және тағы да басқа елдерден келген көптеген ғалымдар бар. Отандастарымыздың идеялары мен жаңалықтары оларды таң қалдырды", - дейді Әуезов атындағы ОҚМУ проекторы Марат Сатаев.

Жиын барысында химия, мұнай химиясы және ІТ технология, текстильді және тамақ өнеркәсібі салаларындағы ғылыми зерттеулер туралы көп айтылды. Шетелдіктерді бөткелге құйылған шұбат қатты қызықтырды. Оңтүстікқазақстандықтар аталмыш сусынның шипалық қасиеттерін арттыра түскен. Енді ол туберкулез, қант диабеті және қатерлі ісік ауруларын емдеуде көбірек көмектеспек.

"Табиғи өнім құрамын жақсартқан соң да пайдалылығын сақтап қалды. Тіпті өнімді өңдеу барысынды жойылып кететін С дәрумені де оның құрамында 95%-ға дейін сақталды", - дейді агроөнеркәсіптік кешен және су ресурстары ҒЗЖ директоры Мусатилла Тоханов.

Ғалымдар оңтүстіктіктердің асыл тастарды алу бойынша «Лағыл тас монокристалдарын алудың нанотехнологиясы» жаңалығын жоғары бағалады. Олар табиғи тастан еш ерекшеленбейді, деп сендірді жаңалық иелері.

Басқосуда мобильді интеллектуалды гелиостатты қондырғыны әзірлеу ең бірегей жаңалық деп танылды. Ол кәдімгі күн коллекторына ұқсас, тек мұнда энергия жеткізуші күн сәулесін қай жерге сіңіретінін өзі шешеді.

Аталған жобалардың кейбірі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ОҚО атынан ұсынылатыны атап өтілді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар