EXPO-2017

Ғалымдар тоқтап қалған жүректі алмастыру әдісін ойлап тапты

27.10.2014

7323

Австралияда Сидней клиникасының дәрігерлері тоқтап қалған жүректі алмастыру бойынша бірнеше операцияны сәтті өткізді.
Осы салада зерттеу жүргізген бір топ ғалымдардың айтуынша, бұл әдіс тапшы адам органдарын алудың жаңа тетіктерін ашып отыр, деп хабарлайды ВВС.

Австралиялық ғалымдар ойлап тапқан жаңа әдіс бойынша, тоқтап қалған жүректі 20 минуттың ішінде тірілтіп алуға болады. Осы күнге дейін хирургия саласындағы мұндай операция тек соғып тұрған жүректерді алмастырумен шектеліп келген. Ол үшін «миі өлді» деген науқастардың донорлығы қажет болатын.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар