Ғылыми жаңалықтар

«Гинекологиялық эндокринологияның маңызды мәселелелері» конференциясы

22.10.2014

7260

2014 жылғы 16-17 қазанда «Астана медицина университеті» АҚ конференц-залында «Гинекологиялық эндокринологияның маңызды мәселелелері» атты конференция өтті.
Конференцияны ҚР ДСМ штаттан тыс бас гинеколог-эндокринологы, интернатура бойынша акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.М.Дощанова ашты. Профессор «Қазақстандағы гинекологиялық эндокринологияның дамуы» тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары М.Х.Ембергенова, Астана медицина университетінің білім беру қызметі жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Г.Ә.Жақсылықова, акушерия және гинекология саласының мамандары және университет студенттері қатысты.
Конференция барысында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік директоры, м.ғ.д., профессор Т.М. Үкібасова «Аналық жыныс безінің поликистозы. Диагностикасы мен емдеу жолдары», ал М.Оспанов атындағы БҚММУ Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру факультетінің акушерия және гинеколгия кафедрасы меңгерушісі С.Н.Рыжкова «Жалпы нормадан ауытқыған жатырлық қан кету» атты баяндама оқыды.

Дереккөзі: amu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар