EXPO-2017

Норвегия ғалымдары қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты

20.10.2014

7426

Норвегияда Осло Университеті жанындағы Радиология клиникасының онкологтары қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісін ойлап тапқаны үшін жүлде алды, деп жазады VG газеті.
Ғалымдардың бұл жаңалығы ем жасауды жеңілдетіп қана қоймай, едәуір арзандатқан.

Idéprisen-2014 ұлттық сыйлығы жыл сайын ең елеулі инновациялық жобаларға тапсырылады. Бұл жолы жүлде қатерлі ісікті емдеудің жаңа әдісін, атап айтқанда, иммунотерапия әдісін ойлап тапқан ғалымдарға берілді.

Айта кетейік, қазіргі таңда иммунотерапия ісік ауруларын емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі саналып отыр. Бұл әдістің химия және радиотерапиядан артықшылығы сау жасушаларға зиян келтірмейді.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар