Өзектi

НАСА ғарышкері ХҒС бортынан жойқын тайфунды суретке түсірді

14.10.2014

7376

Халықаралық ғарыш стансасының бортында жүрген НАСА астронавты Рид Вайзман Тынық мұхиттағы Вонгфонг тайфунының суреттерін түсіріп алды, деп хабарлайды Sdnnet.ru.
Аталмыш суреттер бірнеше күн бұрын ғарышкердің ресми твиттерінде жарияланды. Суретердің астына Вайзман «осы уақытқа дейін қаншама дүлей дауылды көрсем де, дәл мұндай жойқын тайфунды алғаш рет көруім» деп жазған.

Бұл жолғы тайфунды шынымен де жойқын дауыл деп айтуға болады, өйткені 7 қазандағы мәлімет бойынша оның жылдамдығы сағатына 250 шақырымға дейін жеткен. Алайда бірнеше күн өткен соң, дауыл солтүстікке қарай көтерілгенде, екпіні аз да болса төмендеді. 10 қазанда желдің жылдамдығы сағатына 213 шақырымды құраған. Тайфундардың алдын алу орталығынан хабарлағандай, желдің жылдамдығы біртіндеп төмендей бастайды.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар