Өзектi

Назарбаев университеті алғаш рет Бакуде өтетін көрмеге қатысады

09.10.2014

8009

Қазақстандық жоғарғы білімнің көшбасшысы «Назарбаев университеті» Бакуде өтетін халықаралық көрмеге қатысады, деп хабарлайды BNews.kz АА меншікті тілшісі Әзірбайжандағы Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.
Көрмеде «Назарбаев университеті» Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің арнайы стендтері назарға ұсынылады, деп жазылған хабарламада.

Көрмеге келушілер осы заманғы университет, оған оқуға түсу шарттары мен білім алу және қазақстандық жоғарғы білім саласындағы соңғы жаңашылдықтар туралы біле алады.

Iteca Caspian және Caspian Event Organisers (CEO) компаниялары ұйымдастыратын «Мансап» көрмесі Бакуде 10-12 қазан аралығында өтеді.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар