Өзектi

НАСА Ай тұтылуының тікелей көрсетілімін жүргізеді

08.10.2014

7499

Бүгін Солтүстік Америка, Оңтүстік Американың батыс бөлігі, Австралия мен Азияның шығысындағы бірқатар ауданның тұрғындары Айдың толық тұтылуын бақылай алады. Ерекше табиғи құбылыс Мәскеу уақыты бойынша сағат 12:00-ден кейін басталады. НАСА Ай тұтылуының тікелей көрсетілімін жүргізеді.
Күн, Ай және Жер бір осьте болған кезде Ай біздің ғаламшардың көлеңкесіне еніп, сол кезде Ай толық тұтылады. Бұған қоса, Айдың бетіне Күн сәулесі аз түскендіктен ол күңгірт түске боялады, деп хабарлайды Итар-ТАСС.

Мұндай ерекше табиғи құбылыстардың жиілігін ғалымдар Күн жүйесіндегі аспан денелерінің орналасуымен түсіндіреді.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар