Өзектi

Физикадан Нобель сыйлығы жапондықтарға бұйырды

08.10.2014

7309

2014 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы көк жарық диод ойлап тапқан жапондық Нагойи университетінің ғалымдары Исама Акасаки мен Хироси Аманоға және Санта-Барбарадағы Калифорния университінен Судзи Накамураға бұйырды, деп жазады ВВС.
Стокгольмдегі Каролина институтында Нобель ассамблеясы жасаған мәлімдемеге сәйкес, ғалымдардың бұл саладағы зерттеулері қазіргі заманғы техника мен электрониканы толықтай өзгеріске ұшыратты.

Физиктердің өзі ғылым саласындағы бұл жетістікке қажетті галлий нитридінің кристаллдарын өсірудің арқасында қол жеткізгендерін айтады.

60 жастағы профессор Накамура уақыт айырмашылығына қарамастан Швед академиясының телефон арқылы құттықтауын бірден қабылдады.

Көк диодтар 100 мың сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар