Өзектi

Өнертапқыштар бактериялардың 90%-ын жойып жіберетін мата ойлап тапты

01.10.2014

7865

Чили өнертапқыштары матаның ерекше түрін ойлап тапты, деп хабарлайды 24.kz.
«Арасына мыс қосылып тоқылған матадан тігілген киім адамды микробтардан қорғайды», - дейді олар.

Ғылыми атауы «ин коппер» деп белгіленген бұл мата өзіне жанасқан бактериялардың 90%-ын жойып жібереді. Ал чилилік дәрігерлер мұндай матаның науқастарды дертінен айықтыруда рөлі зор екенін айтуда. Себебі оның мыс иондары микробтардағы зат алмасу үрдісін бұзып, бактерияларды өлтіреді. Енді Чилиде «ин коппер» матасы көптеп өндірілмек.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар