Өзектi

Табиғаттағы жабайы аңдар саны екі есеге дейін кеміген

30.09.2014

9400

Соңғы 40 жылда табиғаттағы жабайы аңдардың популяциясы екі есеге дейін төмендеп кеткен. Бұл жайында Бүкіләлемдік табиғат қоры ұйымының жүргізген зерттеуінен кейін белгілі болып отыр.
Ұйымның мәліметінше, аталған көрсеткіштер ғалымдардың бұған дейінгі болжамынан әлдеқайда асып түскен. Әсіресе, жабайы сүтқоректілердің, құстардың, бауырымен жорғалауыштардың және балықтардың саны күрт қысқарған.
Зерттеу жүргізген ғалымдар бұған адамдардың өздері кінәлі дегенді айтып отыр. Яғни, браконьерлерлік, орман алқаптарының қысқаруы және т.б. факторлар.
Ең үлкен шығынға Африкадағы орман пілдері мен теңіз тасбақалары ұшыраған.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар