Өзектi

Судан тұратын ғаламшар табылды

30.09.2014

7374

АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания және Чили астрономдары «сенсациялық» жаңалық ашты. Ғалымдар толығымен дерлік судан және белгісіз қатты заттан тұратын аспан денесін анықтады. Сонымен бірге ол будан тұратын атмосферамен «қоршалған», деп хабарлайды YTPO.ru.
Жаңадан ашылған ғаламшарды астрономдар «Су әлемі» деп атады. Ғаламшар Жер шарынан 124 жарық жылы қашықтығында орналасқан.Біздің планетамыздан екі есеге үлкен екені анықталып отыр. Ал салмағы керісінше жеті есеге аз, деп жазады Christians Science Monitor.

Ғалымдар аспан денесін мұқият бақылап, оны барынша зерттеуді көздеуде. Жақында астрономдар ғаламшарда байқалған ерекше құбылысқа куә болды. Температура жоғары болған кезде ондағы су құрылымын өзгертіп, ыстық мұзға айналады екен.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар