Өзектi

Ғалымдар күн қуатын сақтаудың тың әдісін ойлап тапты

26.09.2014

7250

Израильдік ғалымдар өздерінің тың жаңалығын әлем назарына ұсынды. Олар жинақталған күн қуатын сақтаудың әдісін ойлап тауыпты. «Енді сол арқылы қазіргі энергетика саласының ең өзекті мәселесі шешімін таппақ»,-дейді олар.
Бір қызығы, әдісті іске асыру кезінде күн батареялары қолданылмайды. Күннен тараған сәуле арнайы параболалық айналардың бетіне шағылысып, түскен жерінде аса жоғары температура пайда болады. Аталған айна қабатына кіріктірілген ерекше материалдың бойына алдын ала құйылған сұйықтық қайнап, оның буы қуат көзін қажет ететін кез-келген қондырғыны қозғалысқа келтіреді. Ал, өндірілген қуат көзін параболалық айналарға жалғанған жерасты қоймаларында сақтауға болады. Сөйтіп, «енді күн қуатын тек жарық кезде ғана емес, өзімізге қажетті кез-келген уақытта пайдаланатын боламыз»,-дейді өнертапқыштар.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар